×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Басында үйі, киер киімі, ішер асы жоқ – сарапшы Қазақстандағы кедейлікті үш топқа бөлді

20.10.2021, 12:29
Коллаж: ulysmedia.kz

Қазақстандықтардың табысы, экономикакалық ахуал және елдегі кедейлік жайлы арнайы Ulysmedia.kz үшін қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов талдау жасап көрді.

“КАЛЬМАР ОЙЫНДАРЫ” ТІККЕН ЖҮЛДЕНІ ҚАЗАҚТАР НЕШЕ ЖЫЛДА ТАБАДЫ  

Атышулы Оңтүстік кореялық «Кальмар ойындары» хикаясында $38-$39 млн. үшін адамдар бір бірін қырып салады. Жеме жемге келгенде жеңімпаздың 455 адамның өліміне қатысы бар.

45 млрд вон қазақстандықтардың табысымен салыстырғанда қаншаға шығады? Есептеп көрелік.

Оңтүстік Кореяда орташа жалақы жылына 37 млн вонды ( $34,4 тыс.) құрайды.

Медианды жалақы – жылына 28,2 млн вон.

Демек «Кальмар ойындарының» жүлде қоры 1,2-1,5 мың жылдық орташа жалақымен тең.

Медианды жалақы - елдегі жұмысшыларды екіге бөледі: жартысының жалақысы көрсетілген сомадан жоғары, жартысыныкі төмен. Медианды жалақы әлеуметтік теңсіздікті бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіш.

$39 млн болатын «Кальмар ойындарының» жүлде қорын табу үшін Қазақстандағы орташа жалақысы $591 долларға салсақ (251 175 тг),  ас-су ішпей, демалыссыз 5,5 мың жыл жұмыс істеу керек болады.

Мәселен, $150 мың тұратын S-санаттағы Mercedes көлігін (мемаппараттағы топ-менеджерлердің көбі осы көлікті тізгіндейді)  Т100 мың жалақы алатын дәрігер, 53 жыл жұмыс істеп сатып алады. Оның өзінде $1 доллар Т425 теңге болса және ақшаны мүлдем басқа жаққа жұмсамаған жағдайда.

Егер теңге долларға шаққанда жылына 2-3%-ға әлсіресе, ал дәрігер күніне үш бәліш жеп, су ішсе, Mercedes сатып алу мерзімі 450-500 жылдан миллион жылға дейін созылады. Бұл сарказм әрине, бірақ дәрігердің, мұғалімнің немесе ғалымның жалақысын жаңа тұрғын үй, Түркиядағы демалыс тағысын тағы арқылы өлшей берсек, ол оқырманға ауыр тиетін секілді.

ҚАЗАҚСТАНДЫ БАЙ ЕЛГЕ ЖАТҚЫЗУҒА БОЛА МА?

Ресми статистикалық деректер бойынша тек тау-кен өндіру саласында орташа жалақы ел бойынша орташа көрсеткіштен он мың теңгеге артық.

Егер халықтың шамамен 30%  кедейлік шегінен төмен өмір сүрсе, елді бай деп санауға бола ма? Бәлкім, жоқ.

Африка мен Азияның көптеген елдерінде тұрғындар тойып тамақ жей алмайды, кедей аймақтарда тұрады. Ал екінші бөлігі кедейлер есебінен шіріген бай. Қазақстанды осындай елге жатқызуға бола ма? Мүмкін, аймақтардың көпшілігінде жағдай осы.

"Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - он саулық" деп жатады. Алайда уақыт өте келе байлық критерийлері де  өзгереді.

Қазіргі байлық көрсеткіші - жылжымайтын мүлікке ие болу, айына бірнеше рет киім сатып алу, жақсы тамақтану, аптасына екі-үш рет мейрамханаларда түскі/кешкі ас ішу мүмкіндігі деген секілді кете береді.

ҚАРЫЗ ХАЛЫҚТЫ ҚАЖЫТАДЫ

Мемлекет халыққа, әлеуметке жақын болуға тырысады, көптеген азаматтарға баспана сатып алуға мүмкіндік беру үшін жеңілдетілген ипотеканы іске қосты.

Алайда, коммерциялық банктер мемлекеттен үнемі қаржыландыруды сұрайтынын және мемлекет оған қосымша өз банкін ашып оны салық төлеушілердің ақшасымен қаржыландыратынына қарап – келесідей жағдай тууы мүмкін екенін аңғару қиын емес. Ұзақ мерзімді ипотекалық төлемдер несиден шаршау деп аталатын жағдаға соқтырады. Оған қоса, қарыз алушы ипотекаға үнемі  көп ақша төлей берсе, онда қарапайым адами қажеттіліктер, сапалы киім, тойымды асқа аз-ақ қаражаты қалады.

Осы жылдың көктемінде "Стратегия" Қоғамдық қоры "Еуразиялық монитор" аясында азаматтардың экономикалық хал-ахуалы туралы Әлеуметтік сауалнама жүргізді.

Қазақстандықтардың тұтынушылық әлеуеті төмендеген.

Респонденттердің 13% әрдайым азық-түлікке ақша жетпейді десе, ал 35%  тамақ ала алады, бірақ киім сатып ала алмайды.

Қазір халықтың кедейлігін жалпылама бағалау жеткіліксіз. Немен күресу керегін түсіну үшін кедейлікті бірнеше категорияға бөлетін уақыт жетті.

КЕДЕЙЛІКТІҢ ҮШ КАТЕГОРИЯСЫ

Үйі жоқ. Мемлекет бұл проблемамен күресуге тырысады, бағдарламалар пайда болды. Алайда, олардың барлығы халықтың әлеуметтік осал топтарына бағытталмаған. Соңғы бастама – зейнетақы жинағын алуға рұқсат беру. Бірақ халықтың әлеуметтік осал тобында зейнетақы шоттарында ештеңе жоқ. Сондықтан жеңілдетілген ипотека беру шарттарын қайта қарау қажет. Егер мемлекет осы арқылы ақша табуға тырысса, бұл жақсылыққа әкелмейді, өйткені жылжымайтын мүлік бағасы өссе, кедейлер бұдан бетер кедейлене түседі. Олардың бар жиғаны тұрғын үй сатып алуға, баспананы жалға алуға жұмсалады.

Киер киімі жоқ. Киім өндірісі бойынша біраз жобалардың сәтсіз болғанын еске түсіретін уақыт келді. Қазір олар квазимемлекеттік сектор мен коммерциялық банктердің балансында жатыр. Бұл категорияның проблемасын банктер шешіп беруге тырысып жатыр. Ол киім алуға арналған бөліп төлеу бағдарламалары. Әрине бұл уақытша шешім.

Ішер асы жоқ. Азық-түлік импорты, мемлекет үшін ең қауіпті жағдай. Бұл жерде әкімдіктер мен Парламенттің қателігін атап өту қажет. Егер әкімдіктер фермерлердің өнімдерін әлеуметтік дүкен сөрелеріне тікелей жеткізуді ұйымдастыра алмаса және делдалдардың санын қысқарта алмаса, бұл ӘКК әлсіздігі. Ал Парламент - бұл күнкөріс минимумын, ең төменгі азық-түлік себетін қарастыратын және бекітетін орган. Алайда, маңызды экономикалық көрсеткіштерді шын жағдайды ескермей, сандарды жіті зерттемей бекіте салатын секілді.

КІМ ЖАУАПТЫ?

Егер парламент жалпы елде және әр өңірде ең төменгі күнкөріс деңгейін қайта қарауға батылдық танытса, онда елдің әлеуметтік бюджетіне түсетін жүктеме күрт өсетіні анық. Бірақ, дені сау ұрпақ өсіргіміз келсе, басқаша болуы мүмін де емес.

Елде 13% аш және 35% киім сатып алуға қиналған адамдар бір күнде пайда болған жоқ. Біз бұл жағдайға жылдар бойы жасалған қателіктер кесірінен жеттік.

Әлеуметтік сауалнамадағы маңызды көрсеткіштің бірі «халықтың өз өміріне қанағаттану деңгейін» 2009 жылғы дағдарыспен салыстыруға болады. 2009-да биылғыдай өз өміріне қанағаттанбайтындар үлесі сауалнамаға қатысқандарыдң үштен бірін құрады (35% - дан). 

ҚАНДАЙ АҚЫЛ АЙТУҒА БОЛАДЫ?

Өкінішке қарай, айналамыз толған кедей. Қала көшелерінде сабылып жүргендердің үштен бірі, ауыл тұрғындарының жартысынан көбі кедейлер. Ал әр алтыншы адам - қайыршы және аш. Статистика осыған саяды. Ал бұл уақытта жоғарыда біздің экономикалық жетістіктеріміз туралы жағымды есептер беріліп жатыр. Оған жауаптылар «кальмар ойнап», бешбармақ жеп отырғанда, қарапайым халық макарон мен нан үшін терлеп-тепшіп жүр.

Шыдамы шегіне жеткенше кедейлер де тыныштық танытар. Бірақ адам қаһары тез тұтанады және кінәліні де кінәлі еместерді де шарпуы мүмкін.

Өкінішке қарай, айтатын ақыл да қалмады.

Егер мемлекет қазіргі жағдайға жылдар бойы жетсе, бір жыл ішінде бірдеңені өзгертуге тырысу күлкілі шығар.

Бір анығы - экономикалық саясатты анықтайтын адамдар күн сайын қарапайым халықпен кездесуі керек.

Олармен бір табақтан дәм татып жүргендей, жағдайын беске білуі тиіс. Бүгінгі экономикалық ахуал – болашақта не боларын айқындайды.

Автор: Расул Рысмамбетов

Серіктес жаңалықтары