×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жемқорлардың астауы: «Қазарнаулыэкспортта» бір мезгілде бірнеше басшы ұсталды

29.02.2024, 16:29
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қару-жарақ, әскери техника мен мүліктің импорты, экспортымен айналысатын қазақстандық компания жайлы жемқорлық дауы басылар емес. Былтыр қараша айында мекеменің бас директор Арман Рамазанов бюджеттен шамамен миллиард теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынған. Оның орнына міндетін атқарушы Аршат Аяғанов келген еді. Алайда ол бұл қызметі қыс бойы атқарған ол да ұсталып отыр. Қаржы мониторингі агенттігі Аяғанов брондалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын растады.

46 жастағы Рамазанов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде бағаны көтеріп, әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды сатып алу кезінде шамамен 1 млрд теңге бюджет қаражатын ұрлады деген күдікпен қамауға алынғаг. Онымен бірге "Қазарнаулыэкспорттың" басқа да лауазымды тұлғалары, бақылаудағы заңды тұлғалардың басшылары да темір торға тоғытылды. Алайда қаржы мониторингі агенттігі ұсталғандардың тізімін жариялаған жоқ.

Ведомствоның басы бұл даудан арылмай жатып, жаңасы пайда болды. Қараша айында қамауға алынған Рамазановтың креслосын 2011 жылдан бастап "Қазарнаулы экспорт" құрылымында жұмыс істеген Аршат Аяғанов иеленген. Рамазановтың тұсында ол оның орынбасары қызметін атқарған.

Аяғанавты ұстау бойынша агенттік әдеттегідей ақпаратты сараң сипатта таратты: 23 ақпанда броньды әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұсталғанын хабарлады.

Қаржы мониторингі агенттігі үндемей отырғанда, оның теріс қылықтары туралы деректер елдің ақпараттық алаңына жарияланып кеткен-тін.

ҚМА үнсіз отырғанда...

Мәселен, ең көп тараған нұсқаның бірі бойынша Аяғанов жеткізушіге, атап айтқанда, бір кездері белгілі спортшы Вадим Шақшақбаев бастаған Astana MPR Project компаниясына қаражатты негізсіз аударған.

"Қазарнаулыэкспорт" Astana MPR Project-пен жасасқан келісімшарт бойынша Қазақстанның Ұлттық ұланына бірнеше ондаған "Кобра 2" броньды машинасы жеткізілуі тиіс еді. Даудың мәні мынада: Astana MPR Project өзін әскери жабдықтардың қазақстандық өндірушісі ретінде көрсетеді, компания еркін экономикалық аймақта тіркелген, бірақ бұл ретте Қазақстанда өндірілуі тиіс броньды машиналарды әкелгені үшін кедендік баждарды төлейді. Ұсталған Аршат Аяғанов компанияның кедендік төлемдерді төлеуге жұмсаған шығындарын өтеу үшін Astana MPR Project қаражатын негізсіз аударғаны жөнінде ақпарат тарады.

Әзірге расталмаған мәліметтер бойынша, Astana MPR Project Ұлттық ұланынан басқа, Қазақстан Қорғаныс министрлігіне де броньды машиналар жеткізген.

Сонымен қатар, дауға TERRA Motors компаниясының да қатысы болуы мүмкін деген ақпарат бар. Жақында ол компанияда да тінту жүргізілген.

"Қазарнаулыэкспорт" кімге бағынады

Компанияның сайтында "Қазарнаулыэкспорт" Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Үкіметі құрған және қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктің импорты, экспорты бағытымен жұмыс істейтіні көрсетілген.

2023 жылы кәсіпорын өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мемлекеттік қорғаныс тапсырысы комитетінің құрамына енген.

2016 жылдан 2019 жылға дейін компания Қазақстан Республикасының цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрамында болды. Оған есеп берді. 2019 жылдан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қарамағында жұмыс істеді.

Байтас Құрманов

Серіктес жаңалықтары