×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ескірген мемлекеттік рәміз немесе жаңа Елтаңба кімге керек болды

18.03.2024, 18:09
Ескірген мемлекеттік рәміз немесе жаңа Елтаңба кімге керек болды
Коллаж: Ulysmedia

Атырауда өткен үшінші жалпыұлттық құрылтайдан кейін президент айтқан сөздер БАҚ-та кеңінен тарады. Солардың ішінде ең көп талқыланғаны елтаңбаны өзгерту туралы ешкім күтпеген ұсынысы болды. Ulysmedia.kz сайты анықтағандай, Тоқаевтың сөйлеген сөзінен әркім өзі қалағанның бәрін таба алады. Анау Шыңғысхан, сопылық дәстүр, ұлттық қозғалыс пен заманауи мәдениет қайраткерлерін мадақтау, суды үнемдеу және қоқыс өңдейтін зауыттар салу қажеттілігі – бәрі-бәрі бар.

Басқа-басқа, мемлекеттік Елтаңбаны өзгерту жайлы айтқанды елді елең еткізді.

«Күрделі» Елтаңба

- Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек, - дейді Президент.

- Ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құруға болады. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады, - деді Президент Қ.Тоқаев.

Ақорда сайтында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданғаны, оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов екені тайға таңба басқандай жазулы тұр.

 

Елтаңба туралы не білеміз

Елтаңба туралы «шеңбер (дөңгелек) пішіні бар – бұл Ұлы дала көшпелілері арасында ерекше құрметке ие болған өмір мен мәңгіліктің белгісі. Мемлекеттік Елтаңбадағы орталық геральдикалық элемент – шаңырақтың (киіз үйдің үстіңгі күмбезді бөлігі) көгілдір түс аясындағы бейнесі, одан уықтар (тіреулер) күн сәулесі түрінде жан-жақты тарайды. Шаңырақтың оң және сол жағында мифтік қанатты пырақтардың бейнелері орналасқан. Жоғарғы бөлігінде көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде Qazaqstan деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, мифтік жылқылардың бейнесі, сондай-ақ Qazaqstan жазуы алтын түсте жасалған».

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елдің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді. Мемлекеттік елтаңба дөңгелек пішінді. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы. Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Qazaqstan» деген жазу – алтын түстес. Мемлекет атауы әу баста кирилше жазылған, кейін 2014 жылы латын қарпіндегі нұсқаға ауыстырылды.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.

Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін  әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. 

Мемлекеттік елтаңба халқымыздың ежелгі дүние танымы мен салт-дәстүріне негізделгенін айттық. Енді осыдан кейін қандай сұрақ болуы мүмкін?. Кеңес дәуірімен байланыстыратын жалғыз нәрсе - бес бұрышты жұлдыз. Бірақ әрбір элемент пен символдың бір емес, бірнеше мән-мағынасы бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Бес бұрышты жұлдыз Бразилия мен Джибутидің елтаңбаларында да бар. Сингапур елтаңбасының ортасында да осындай бес жұлдыз бар. Түрікменстан мен Әзірбайжанның елтаңбаларында да бірлік ұғымын білдіретін сегіз бұрышты жұлдыз бар.

Біздің жағдайда, Ақорда сайты авторларының пікірінше, «бес бұрышты жұлдызды... адамзат ежелден қолданады және адамдардың ақиқат нұрына, мәңгілікке деген тұрақты ұмтылысын бейнелейді. Мемлекеттік Елтаңбадағы жұлдыз бейнесі Қазақстан халқының әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен әріптестікке ашық ел құруға деген ұмтылысын көрсетеді. Барлық бес құрлықтың өкілдері үшін Қазақстан халқының жүрегі мен құшағы ашық. Ал мұның несі кеңестік түсінік?

 

Елтаңбалардың қандай түрлері бар?

Елтаңба, президент Тоқаевтың айтуынша, қабылдауға тым қиын екен. Әрине, өте қарапайым елтаңбалар бар. Мысалы, Швейцарияның елтаңбасы - қызыл қалқан бетіне салынған ақ түсті крест немесе Украинаның елтаңбасы - көк қалқанға салынған үш тісті айыр. Бұл айыр белгісі христиандық ұғымда крестпен пара-пар қолданылады. Ол, бір жағынан, өмір мен өлімнің, екінші жағынан, азаттық пен қайта тірілудің символы. Бірақ басқа мемлекеттердің елтаңбаларына мұқият қарасаңыз, онда не жоқ, бәрі бар – аңдар мен құстар, найзалар мен жебелер, ұлттық киім киген адамдар, сан алуан жұлдыздар, тіпті Калашников автоматы да елтаңба элементіне айналған.

Түркияда арнайы қабылданған мемлекеттік елтаңба жоқ, олар елтаңбаның орнына қызыл түстің бетіне басылған ақ түсті жарты ай мен жұлдызды пайдаланады. Елтаңбаны жеңілдеткіміз келсе, Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде атап өткендей, мұны жасау оп-оңай.

- Жошы ұлысы Қазақстанның мемлекеттілік дәстүрінде айрықша орын алады. Еліміздің өткені, бүгіні мен болашағы оның тарихи мұрасымен тығыз астасып жатыр. Ендеше, Алтын Орда туралы халықаралық аренадағы түсінік Қазақстанмен тікелей байланысты болуы керек. 

Сондықтан тарихқа терең бойлап, Шыңғыс хан империясының таңбасынан бастау алған Алтын Орда елтаңбасын алуға болады. Оның үстіне, мемлекеттік елтаңба кейде Ұлыбританиядағыдай монарх пен оның әулетінің елтаңбасынан тарқатылады.

 

Миллиардтарды шашуға дайынбыз ба

Тарихтың әр кезеңінде елдің алдында түрлі мәселелер кесе көлденең тұрады. Олар: сыртқы саясат, экономикалық-әлеуметтік мәселелер, әртүрлі табиғи апаттар, климаттың өзгеруі, өмір сүру деңгейінің төмендеуі және т.б. Еліміз осындай проблемалардың тура ортасында тұр. Өмір сүру деңгейінің төмендігі, мұнайға тәуелділік, сыбайлас жемқорлық, экономиканың құлдырауы, шетел инвестициясының кетуі, халықтың шарасыз кедейлігі, көлік-коммуникация инфрақұрылымының күйреуі, үкімет пен шенеуніктердің жауапсыздығы... міне, бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады. Ал осындай жағдайда президент жаңа Елтаңба жасауды ұсынып отыр.

Әртүрлі комиссиялардың, шығармашылық топтардың қызметіне, жарияланған байқаудың жүлдегерлеріне қыруар қаржы жұмсалады. Сонымен, жаңа елтаңба бекітілді делік. Әртүрлі нұсқаларды шығару қажет болады: шағын нұсқадан көлемді нұсқаға дейін. Ол арзанға жасалмайды, қымбат тұрады. Интернеттен көзіміз шалған мәліметке сүйенсек, жасалуы өлшеміне қарай 10 млн.тг-ден басталады екен. Ал есептеп көріңіздер, бізге қаншасы керек еді? Ол министрлік, әкімдік, мемлекетке бағынысты ұйымдардың қасбетінде ғана тұрмайды, шенеуніктердің кабинетінде, салтанатты іс-шаралар өтетін залдарда, елшіліктерде, консулдық ғимараттарда, әлемнің түкпір-түкпіріндегі Қазақстан өкілдіктерінде тұрады. Мектептер мен басқа да оқу орындарының кіреберісіне қойылады. Осыларға жеткізіп беру, орнату шығындарын және бір есептеп көріңіз.

 

Бланкілер, төлқұжаттар

Содан кейін елтаңба бейнеленген мемлекеттік бланкілер мен басқа да қағаздарды әзірлеу және басып шығару бар. Көптеген ресми құжаттарды - хаттарды, соның ішінде сенім грамоталарын, үлгілер мен сипаттамаларды, бланкілерді өзгерту қажет болады. Барлық 19 миллион азамат төлқұжаттарын, жеке куәліктерін, туу туралы куәліктерін, зейнетақы кітапшаларын, әскери билетті және т.б. ауыстыруы қажет. Бұған азаматтардың осы құжаттарды алуға кететін шығындарын қосу керек, олар міндетті түрде пайда болады. Содан кейін барлық шенеуніктерге жаңа куәліктер беріңіз - бұл да бюджет есебінен, яғни біздің есебімізден. Елтаңба бейнеленген елдің барлық ресми бейнежазбалары мен жарнамаларын және т.б. ауыстыру міндетті түрде қажет болады.

Жағдай белгілі. Азаматтар салық төлейді, ал елтаңба жасайтын компаниялар Президенттің бұл шешімінің арқасында миллиардтаған пайдаға кенеледі.

– Келесі жаман әдет – ысырапшылдық. Берекенің бастауы үнемшілдікте екені сөзсіз. Дамыған елдерде жарық пен суды үнемді тұтынудың жоғары мәдениеті қалыптасқан. «Бізде жағдай мүлдем керісінше, миллиондаған отандастарымыздың ысырапшылдығынан ел байлығы ысырап болып жатыр», - деді президент.

 

Үнемшілдік туралы

Бірақ бұл тек суға қатысты емес. LRT құрылысын, ЭКСПО және т.б. мазмұнсыз құрылыстардың салынуын, Астананың Нұр-Сұлтан болып қайта аталуын және оның атындағы көше атауларын айтуға болады. Еліміздің барлық қалаларындағы Елбасы барып ашқан кәсіпорындар сияқты, ашылуы да, жабылуы да тез. Міне, бір ғана шешім мемлекет қазынасына қаншалықты салмақ түсіреді.

Бүгінде дейін елімізде қаншама Арнайы экономикалық аймақтар ашылды, олардың тиімділігі болмай, өзіміз шығынға батып жатқанымызды қазір кімнен жасырамыз. Енді сол қателіктеріміз аз болғандай, инвестиция тартуға керек деген желеумен қала салып жатырмыз Алматы мен Қонаев қалаларының аралығында. Бүгінге дейін және бүгін де қаншама мемлекеттік бағдарламалар болды, әлі де бар, солардың игілігін халық көріп пе?

Міне, осындай ысырапшылдыққа Президент енді Елтаңба ауыстыруды қосып отыр. Балалар үш ауысымды мектепте оқи берсін, дәретханасы айдалада тұра берсін, көктем келген сайын қар суы жолдарды шайып кете берсін, сапалы ауыз су болмай-ақ қойсын, тауар мен қызмет бағасы өсе берсін, жұмыссыздық деңгейі арта берсін, мейлі, жоғымыз түгенделмей-ақ қойсын. Есесіне
Қазақстанның жаңа Елтаңбасы болады.