×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

"Жазалау арқылы түзетеміз." Қоғамда агрессорлар көбейіп кетті ме?

23.04.2024, 00:55
Ашық дереккөзден

Экс-министр Бишімбаевтың әйелін ұрып-соғып өлтіруі, үйінің күзетшісін көлігімен қағып, кейін ұрғылап өлтірген алматылық азамат, көшеде бір келіншекті соққыға жығып, шашынан сүйреген еркек, саябақта  отырған қызға тарпа бас салған азамат... Тізе берсеңіз өте көп. Соңғы уақытта әлімжеттік көрсеткен агрессорлардың видеолары көп жатыр. Бұған көз үйір болған ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керіс, ата-аналардың, мұғалімдер мен тәрбиешілердің балаларға көрсететін зәбірі, оқушылар мен солдаттар арасындағы зорлық оқиғаларын қосыңыз. Қоғамда өшпенділіктің осыншалықты өршуіне не себеп? Неге кей адамдар қатігез? Осы сияқты бірнеше сұрақты әртүрлі ғылым өкіліне қойдық.Ulysmedia.kz зерттеу материалы.   

Әлеуметтанушы Алмаш Айқынбайқызы қоғамдағы агрессияның  бір себебі сыртқа орта болуы мүмкін дейді.  

 
Алмаш Айқынбайқызы, әлеуметтанушы: 
“Барлық социологтар оның биологиялық негіздерін де мойындайды. Бірақ дегенмен де агрессияны қалыптастырушы негізгі себеп – сыртқы ортаның ықпалы. “

Ал, кейде бұндай жағдайға агрессордың отбасындағы тәрбиесі де әсер етуі әбден мүмкін.  

Гүлнұр Сапарова, практик-психолог, Астана халықаралық университетінің аға оқытушысы: 
Адамның шыққан ортасында агрессия норма ретінде қабылдануы, үнемі агрессорлардың ортасында тәрбиеленуі және кейбір кездерде осы агрессияның болуын қолдап-қолпаштап отыратын ортада адамның тәрбиеленуінен. 

Осындайда заңды сұрақ туындайды. Агрессорлар өзінің әрекетінен қандай да бір ләззат ала ма?  

Әсел Исаханова, психолог, PHD, ASTANA IT университетінің қауымдастырылған профессоры: 
Бірінші мотив – өзінің күшін көрсету. Себебі ол өзінің ойын жеткізе алмайды, не қажет екенін айта алмағандықтан агрессия білдіреді. Екінші нәрсе – қарсылық, қарсы тұру. Үшінші нәрсе – шаршау. Адам қатты шаршаса, бірнеше күн ұйықтамаса, қиын қыстауға ұшыраса, онда ол да агрессия болып келеді. 

Сонда агрессор деген кім? Оның сипаты қандай? 

Әсел Исаханова, психолог, PHD, ASTANA IT университетінің қауымдастырылған профессоры: 
Агрессор көбіне қандай адамдар? Өмірден ләззат көрмеген, өзінің тұлғасын қабылдай алмайтын, мысалы, көп ішкі мәселелері бар, өзін жақтырмайтын адамдар көбіне агрессор болып келеді. Агрессор кімге агрессия көрсетеді? Өзінен жоғары адамдарға көрсетпейді. Ол өзінен әлсіз болса, соған көрсетеді. 

Айдана Амалбекова, саясаттанушы, MNU оқытушысы: 
Социопаттар өз табиғатынан эмпатия білдіруге мүмкіндігі жоқ және ол адамға қанша жерден тәрбие берілсе де, білім берілсе де, этика, мораль туралы құндылықтар дәріптелсе де ол адам өзгермейді. Олар интеллекті жоғары болса, оны жасыра алады және олар басқа адамдарға қарап бейімделе алады. 

Ал енді қоғамдағы осындай агрессив көңілді азайтудың амалы қайсы? 

Гүлнұр Сапарова, практик-психолог, Астана халықаралықуниверситетінің аға оқытушысы: 
Біреудің агрессиясын екінші адам түзете алмайды. Біз жазалау арқылы түзетеміз деп ойлаймыз. Бірақ көп жағдайда жазалау агрессияның ушығуына алып келеді. 

Динара Әбілда, антрополог: 
Біз әртүрлі институттардың бір-бірімен қарым-қатынасын регуляция жасап отыруымыз керек. Себебі ата-аналар балаларын тәрбиелегенде «басқаны ұрма, басқаға сөз қайтарма» деп реттеп отырады ғой, сол сияқты қоғамда да біз, мысалы, «әйел адамға қол көтеруге болмайды, ол дінде болсын, мәдениетімізде болсын, ешқашан болмаған» дегенді дәріптеуіміз керек. Керісінше емес. 

Заң күшейді

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін заңға қол қойған еді.

Енгізілген нормалар

Әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді:

  • денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды;
  • неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарды құрметтеу негізінде балалардың адамгершілік, рухани тәрбиесін қамтамасыз ету қағидаты қарастырылған;
  • отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі байланыс орталығы қызметінің құқықтық негіздері жасалды. Оның рөлін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға атқарады. Бұл ретте мемлекеттік органдар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекет етіп қана қоймай, байланыс орталығына азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесінде қабылданған шаралар туралы ақпарат беругеміндетті болады;
  • тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді;
  • өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтірудінасихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді;
  • 16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды;
  • кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді;
  • білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті;
  • 16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Серіктес жаңалықтары