×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Мамин президент тапсырмасын орындауда әр басшыға дербес жауапкершілік жүктеді

07.09.2021, 08:13
Асқар Мамин

Үкімет президент жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ulysmedia тілшісі.

«Жолдауда мемлекеттік және экономикалық саясаттың жаңа міндеттерін белгіленді. Оны іске асыру үшін Жалпыұлттық жоспар әзірленді. Ол жолдаудың негізгі бағыттары мен Мемлекет басшысының бастамалары бойынша міндеттерді сапалы әрі жедел шешуге бағытталған. Үкімет пандемиядан кейінгі кезеңде экономиканың орнықты әрі сапалы өсуін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларын жетілдіру, өңірлерді кешенді дамыту, еңбек нарығының тиімді экожүйесін құру бойынша белсенді шаралар қабылдайды», - деді Асқар Мамин Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бастамаларын іске асыру жұмыстың негізгі маңызды бағыты екенін атап өтті. Жалақыны көтеру, жеке сектордың үлесін ұлғайту, салықтық жүктемені азайту арқылы нақты табыстың өсуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

«Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық  іс-шаралар жоспары алға қойылған міндеттерге толықтай сай. Барлық бірінші басшыларға жоспардың іс-шараларының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша дербес жауапкершілік жүктеледі», - деді ол.

Үкімет мүшелері бірыңғай дауыс беріп, Жалпыұлттық  іс-шаралар жоспарын мақұлдады.

Серіктес жаңалықтары