×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

«Біз білмейтін бір сиқырлы шаруалар бар ма»: Базарбек Жамаубаевқа шүйлікті

01.11.2023, 15:11
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Базарбек Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа Үкімет резерві жөнінде сұрақ қойды. Парламенттің келісімінсіз Үкіметтің өзі бекітетін резервтегі ақша қайда жұмсалып жатқанын сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Базарбек Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа сауал қойды. Депутаттың сөзінше, республикалық бюджетте 417 млрд теңге Үкіметтің резервіне жоспарланғанын атап өтті. Бұл қазіргі жылдың көлемінен екі есе көп.

– 2025 жылғы бюджетке қарасақ, Үкімет резерві 344 млрд теңгені құрайды. 2026 жылғы резерв 757 млрд теңге. Үкімет резервінің негізгі мақсаты – біржолғы сипаттағы күтпеген шығыстарды қаржыландыру. Резервтегі қаражатты бөлу туралы шешімді өкінішке қарай, Үкімет Парламенттің келісімінсіз қабылдайды. 2024 жылдың ағымдағы шығыстарын қарасақ, шұғыл қаржыландыруды талап ететін өзекті мәселелер бар. Кейбір ауылдарда жол, емхана, мектептер жоқ. Өзім сайланған Алматыда құбыр, кәріз жүйесінде үлкен тапшылық бар. Республикалық бюджетте осы бағыттағы шығынды байқамадық. Маңызды жобаларды қаржыланыру керек болғанда Үкімет неліктен резервке қаражатты салады? Қандай күтпеген мәселелерді Үкімет резерві есебінен жоспарлап отырсыз. Әлде біз білмейтін бір сиқырлы шаруалар бар ма? - деп сұрады Бақытжан Базарбек.

Бұл сұраққа жауап берген Ерұлан Жамаубаев «бұл жерде ешқандай сиқыр жоқтығын» айтады.

– 417 млрд теңге 2024 жылға қарастырылған қаражаттың барлығы – Үкіметтің резерві емес. Әрине, қазір резерв бабында тұр. Дегенмен, депутаттармен ақылдаса келе, 56 млрд теңгені «Ауыл - ел бесігі» және басқа да өңірлерді дамытуға Мәжіліс арқылы бөліп отырмыз. Мұндай бөлу Сенатта да болады. Онымен қоса 200 млрд теңге қаражатқа құжаттар жоқ болғаннан кейін резервте ұстап отырмыз», - дейді ол. Оның айтуынша, интернетке байланысты Ұлттық жоба әзірленуде. Жамаубаев 2024 жылдың басында күшіне енетін жобаға қаражат керектігін айтады. «Ауылдағы денсаулықты жаңғырту бағдарламасы бойынша кейбір ауруханалардың құжаттары түгел емес. Сол үшін қаражатты резервте ұстап отырмыз. "Жайлы мектеп” жобасы бойынша 1 қыркүйектен бастап мектептер іске қосылады. Соларды қамтамасыз ету үшін қаражат керек. Президент тапсырмасымен су жолдары каналдарына да қаражат керек. Өңірлер жобаларды дайындап жатыр. Дайын болған кезде біз бөлеміз, - дейді ол.

«Биылғы жыл бізге үлкен сабақ болды» деген Жамаубаев 2023 жыл басталғалы бері Екібастұз, Риддерде кезек-кезек төтенше жағдайлар болғанын айтады.

– Біз осы олқылықтарды жою үшін және ауыл шаруашылығындағы келеңсіз жайттарды жою үшін Үкімет резервінен 170 млрд теңгедей қаражат бөлуге мәжбүрміз. Сол үшін осы жағдайларды ескерсек, қазір біздің Үкімет резервінен биылғы жылы келесі жылдан екі есе аз қаражат қалады. Мүмкіндігінше нақтылау кезінде мәселелерді реттейміз», - дейді ол.

Өз кезегінде Мәжіліс төрағасы Қошанов Жамаубаевтан «үкімет резерві келесі жылы қанша болады» деп сұраған. Жамаубаев келесі жылы биылғыдан екі есе аз болатынын айтты. «Сиқырдың сыры осы ғой» деп күлді Қошанов.

Серіктес жаңалықтары