×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

7 жасар Милананың өлімі: Екібастұз шенеуніктерін қалай жазалады

23.11.2023, 10:45
7 жасар Милананың өлімі: Екібастұз шенеуніктерін қалай жазалады
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов балаларға қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша арнайы жиналыс өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Екібастұздағы қайғылы оқиғадан кейін қала әкімі Аян Бейсекин, оның әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары Айзада Құрманова, сондай-ақ облыстың білім және әлеуметтік қорғау басқармаларының басшылары Самал Айтқазина мен Альмира Дүсіпова сөгіс алды.

Бұдан бөлек, Екібастұз әкіміне лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік шара қабылдау тапсырылды.

Байхановтың айтуынша, өткен жылдың ақпан айындағы «маугли-балалармен» болған оқиғадан кейін шенеуніктердің ешқайсысы сабақ алмаған. 

Жыл басынан бері балаларға қатысты 250 – ге жуық заңсыз фактілер анықталған. оның 66-сы Екібастұзда орын алған.

Жиналыста 17 қарашада Шідерті ауылында сегіз айлық баланың қайтыс болуы жайлы тағы бір оқиға талқыланды. Ассасин Байханов жағдайды егжей-тегжейлі қарап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Екібастұздағы қайғылы оқиға

Еске сала кетейік, жоғалған қыз туралы хабар Екібастұз қаласының полициясына 17 қараша күні сағат 21.15-те келіп түскен. Анасының айтуынша, сәби бірнеше сағат бұрын жоғалып кеткен. Өздері іздегеннен еш нәтиже шықпағаннан кейін ата-ана полициядан көмек сұрауға шешім қабылдаған. Полиция жедел аяғынан тік тұрып, баланың жоғалғаны туралы ақпарат жергілікті чаттар арқылы таратылды. Іздеуге еріктілер мен қарапайым тұрғындар қосылды.

Полицейлер Қоянды ауылдық округіне қарасты Бесқауға ауылында ғана емес, облыс аумағында да іздестіру шараларын жүргізді. Бұрын хабарланғандай, Милана 17 қараша, яғни, жұма күні кешке жоғалып кеткен. Оны іздеу үшін барлық төтенше жағдайлар қызметі, полиция қызметкерлері, мұғалімдер және еріктілер жұмылдырылды. «Қазавиаспас» тікұшағы да тартылды. Қыздың әкесі Александр Кольчин қызының қайда кеткенін түсіндіре алмайтынын айтты. Ол жоғалған күні жайлауда жұмыста болған. Милананың әкесі оны ұрлап кетуі мүмкін деп болжаған еді. Күдіктілердің бірі ретінде Милананың анасы ұсталған.