×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Заңға қайшы - Өмірәлиев өрт шыққан ғимараттың хостел ретінде қолданылуы жайлы

30.11.2023, 13:53
Заңға қайшы - Өмірәлиев өрт шыққан ғимараттың хостел ретінде қолданылуы жайлы
Коллаж Ulysmedia

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Алматыда 13 адамның өмірін қиып кеткен хостелдегі өрт жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналист бас прокурордың орынбасары Өмірәлиевке “Жертөледе хостел ашу қаншалықты заңды?” деп сұрақ қойған. 

– Алматыда болған өрт – өте ауыр жағдай. Біріншіден, мен (өрттен) қаза болған азаматтардың жақындары мен туысқандарына көңіл айтқым келеді. Өздеріңіз білесіздер, бүгін түнгі сағат 5.45-те (Алматы қаласы ТЖД-ға) өрт туралы хабарлама түсті. Бір сағаттың ішінде өрт сөндірушілер (хостелдегі) өртті сөндірді. Дегенмен, 13 адам қайтыс болды.

Бұл дерек бойынша Ішкі істер органдары қылмыстық іс қозғады. Бұл қылмыстық істің сапалы, жан-жақты тергелуі қамтамасыз ету үшін бас прокурор тиісті үкім (?) шығарды. Оның тапсырмасына сәйкес бас прокуратураның білікті қызметкерлері, сондай-ақ Алматы қаласының прокуратурасының қызметкерлері тергеу тобымен бірге барлық күш-жігерімізді салып, қысқа уақытта жауапкершілікпен қарау мәселесін қарастырамыз, – деді Өмірәлиев мәжіліс кулуарында.

 Жандос Өмірәлиев “аталған ғимараттың бірінші қабатында және астыңғы қабатында (цокольный этаж) адамдар тұрған” деген ақпарат тарап жатқанын, бұл заңға сәйкес келмейтінін айтты. 

– Себебі, заңда тұрғын үй және тұрғын үй емес деген норма бар. Тұрғын үй емес ғимараттарда оларды ауыстыру керек. Бірақ біздің ақпаратымызша, әкімшілік тарапынан ауыстырылмаған. Сондықтан ғимараттың астындағы қабаттағы адамдардың тұруы менің ойымша заңға қайшы келеді, – дейді ол.

Еске салсақ, Алматыдағы хостелдердің бірінде өрт шығып, 13 адам қаза тапты. Қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдік (Ресей Федерациясының екі азаматы, екеуі Өзбекстан азаматы ), қалғаны Қазақстан азаматтары.

«Барлау және өртті сөндіру барысында 13 қаза тапқан адам анықталды, олардың жеке басы анықталуда. Олар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған. Жатақханада 72 адам болған, 59 адам эвакуацияланды», – делінген ТЖД хабарламасында.

Өртті сөндіруге Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 46 қызметкері мен 13 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, жеті жедел жәрдем бригадасы тартылды.

Өрт пен өлімнің себептері анықталуда.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы университеттері студенттерді орналастыру бойынша аталған хостелмен шарт жасаспағанын айтты.