×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Сенат мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасын мәжіліске қайтарды

21.10.2021, 15:15
фото: parlam.kz

Сенат мемлекеттік сатып алу мәселелері туралы заң жобасына түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бүгін сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі және қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарады, дейді сенат.

Бұған дейін аталған құжат палата отырысында бірінші оқылымда және комитеттер отырыстарында жан-жақты қаралды. Соның нәтижесінде депутаттар заң жобасына енгізу үшін, оның ішінде мемлекеттік сатып алу мәселесіне де қатысты өзгерістер мен толықтырулар топтамасын әзірледі.

Нақты айтқанда, сенаторлар бұған дейін заң жобасында белгіленген бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қажетті негіздердің санын қысқарту жөніндегі жаңашылдыққа, осындай сатып алу бойынша тапсырыс берушінің бірінші басшыларының жеке жауапкершілігін арттыруға және тағы басқа басымдықтарға қолдау білдірді. Сонымен қоса сенат депутаттары бір компанияның бір құрылыс нысанында инжинирингтік қызметтер мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын алу үшін мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін жоюды, сондай-ақ электрондық дүкенді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың бәсекелі тәсілдеріне қосуды қосымша ұсынды. Сенаторлардың айтуынша, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және салынып жатқан нысанның сапасын жақсарту үшін маңызды.

«Негізгі өзгерістер мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруді көздейді. Оның ішінде конкурс өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға баса мән берілген. Заң жобасы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңайлатып, артық реттеуді жоюға жол ашады. Сол арқылы мемлекеттік сатып алуларды тиімді өткізіп, мемлекет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік аламыз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Осылайша, сенаторлар қоғам пікірін ескеріп, әрекет етті.

Серіктес жаңалықтары