×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

1 орынға 128 үміткер таласты: Президенттік кадр резервіне кімдер өтті

19.12.2023, 15:00
akorda.kz

Президент жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz

Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен Президент жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.

Halyq Uni хабарлауынша, биыл іріктеуге 6 мың 404 адам немесе резервтегі 1 орынға 128 үміткер қатысты. Көп кезеңнен тұратын іріктеу нәтижесі бойынша Ұлттық комиссия мүшелерімен әңгімелесуден өтетін 100 үздік үміткер анықталды. Олардың тізімін мына сілтемеге өтіп көруге боалды.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне 50 адам іріктеліп алынады. Олар алдағы уақытта мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда түрлі жауапты лауазымдарға тағайындалады.

Президенттік жастар кадр резерві – мемлекет басшысының талантты жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту жөніндегі бастамасы. Резервке іріктеу тек жоғары кәсіби және моральдық қасиеттер негізінде олардың мансабын өсіруге мүмкіндік береді.

2019 жылдан бері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы түрлі лауазымдарға резервтегі 270 жас маман тағайындалды. Олардың 33-і саяси, бесеуі «А» корпусындағы әкімшілік лауазымдарда қызмет атқарады.

 

Серіктес жаңалықтары