×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Kazakh Tourism миллиардтарды қайда жұмсады - вице-министрдің жауабы

15.01.2024, 11:37
коллаж ulysmedia.kz

2019 жылы Kazakh Tourism ұлттық компаниясына мемлекет 3,2 млрд теңге бөлді, биыл – 1,5 млрд. теңге.  Ulysmedia.kz Бас редакторы Самал Ибраеваға  сұхбат берген Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев ұлттық компания ақшаны қайда жұмсайтынынайтып берді.

 "2019 жылы Kazakh Tourism, жұмыс істеген бірінші жылы компанияны аяғынан тұрғызуға, дамытуға 3,2 млрд теңге бөлінді. Биылғы жылға-1,5 млрд теңге", - деді Еркінбаев.

Компанияның шығындары туралы айта келе, ол былай деп жауап берді: "Әртүрлі іс-шаралар болды, көптеген маңызды экспедициялар өткізді, маршруттар сызды, әлемдегі барлық негізгі жәрмеңкелерге қатысты. Берлин, Лондон. Қазақстанды таныстыратын стендтер жасалды. Мұның бәріне ақша жұмсалады және бұл қажетті іс-шаралар".

Компанияның бұрынғы басшысы ретінде ол Kazakh Tourism-ның Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бөлігіндегі жұмысы туралы пікірімен бөлісті.

"Қате неден болды? Сол кезде де, одан кейінгі жылдары да Kazakh Tourism-нің бір көзден сатып алуға құқығы болды және қазір де бар. Мен ашықпын және бұл ашықтық үшін ертең мені ешкім де  мақтамайтынын білем. Сонымен, 3,2 млрд теңге бір көзден сатып алу арқылы жаратылды, компания лайықты деп  шешкен адам таңдалды. Бір атап өтері, бұл сатып алуды "Атамекен" Ұлттық палатасы мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісіледі", - деді ол.

Бұл схема үлкен негатив туғызды, дейді шенеунік.

"Бизнес Kazakh Tourism компаниясынан келісімшарт алу үшін өзара күресе бастады. Біреу алып кетті, біреу жоқ, алмағаны риза болмады. Жеңімпазға және KazakhTourism-ге күйе жаға бастады. Kazakh Tourism келесі жолы екіншісіне, үшіншісіне берді. Бұл негатив пен өсектің одан сайын өршуіне әкелді ",-деді вице-министр.

Біраз уақыттан бері компания бұл тәжірибені тоқтатты, алайда проблемалар азайған жоқ, дейді Еркінбаев.

"Енді нарыққа тендер арқылы не сатып алуға болатынын және бұл неге әкелетінін көрсетіңіздер, дедім. Дыбысы бар, жарығы жоқ, полиграфия бар, баннері жоқ жағдайға көз жеттік. Бұл іс-шараның тиімсіздігіне әкелді. Іс-шара өтіп жатыр, алдын ала пиары жасалмаған, адамдар бұл іс-шара туралы білмейді, оған ешкім келмейді", - деп бөлісті ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнасынан қараңыз Ulysmedia.kz.

Серіктес жаңалықтары