×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Тоқаев: Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс

07.02.2024, 09:59
Фото: Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Алдағы міндеттерді орындау үшін Үкіметке де, әкімдіктерге де тиісті құзырет берілген. Алайда, бұл мүмкіндіктер көп жағдайда дұрыс қолданылмай жатады. Соның кесірінен реформаларды жүзеге асыру қарқыны бәсеңдеп кетті. Мұндайды доғару керек.

Мемлекеттік органдар арасында өзара келісу мен талқылау жұмысы аяқталғанша, кез келген бастаманың негізгі мән-маңызы да өзгеріп кетеді. Бюрократияны тоқтату қажет, бізге нақты нәтиже керек. Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс. Жұмыс барысында жүйелі ұстаным болуы қажет. Мәселені жедел шешумен қатар, экономиканың ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету өте маңызды, – дейді президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Тоқаев қазіргі жағдайда экономикамыздың мейлінше еркін дамуына мән беруіміз қажет деп мәлімдеді.

– Елімізді дамудың жаңа белесіне шығарамыз десек, бұл жұмысты жедел және дәйекті түрде жүргізген жөн. Мен былтырғы Жолдауымда жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындап бердім. Сондықтан бүгін мен қазіргі экономикалық ахуалға қатысты өзекті мәселелерге тоқталамын, – дейді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары