×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Бишімбаев «мен оны өлтіріп қойдым ба?» деп жылап тұрды, пышағын тартып алдық – куәгер

29.03.2024, 18:07
Астана соты

Астанада «әйелін аса қатыгездікпен қинап өлтірді»  деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгін түстен кейін Гастро-орталық пен Бао мейрамханасында жұмыс істеген куәгерлер Қалмұрат Молдақаш пен Гүлзада Смаилова, Абылайхан Ерденов сотта жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалмұрат Молдақаш пен Гүлзада Смаилова 9 қарашада сотталушы Бақытжан Байжанов (Бишімбаевтың туыс інісі) бейнебақылау камерасында түсірілген видеоларды жоюды бұйырғанын айтты. Екеуі де мұндай бұйрық не үшін түскенін түсінбеген. Маңызды мәліметті сотта «Бао»-да бармен болған Абылайхан Ерденов айтты.

«Бишімбаевпен жеке таныс емеспін. Олар айына екі немесе үш рет келетін. 9 қарашада жұмысыма кірістім. «Бао» мейрамханасына сағат 11.00-де жұмысқа келдім. Бірінші випкаға кірмеңдер деді. Екінші випкаға жинап алып, мейрамхана сағат кешкі беске дейін істемейтінін әкімші Қарлығаш айтты. Кейін Қарлығаш бір сағаттан кейін мүлде мейрамхана істемейтінін қайталап айтты.

Бірінші қабатта жұмыс істей бастағанмын. Түнгі екіге дейін істеуім керек болған. Кешкі жетіге қарай Байжанов «Бао» мейрамханасына келуім керектігін айтты. Мен бірден сол жаққа бардым. Лифтпен барсам, ол жерде жедел жәрдем қызметкерлері келген екен. Қуандық Уәлиханұлының қолында пышақ бар екен. Жанымда Бақытжан бар еді. Мен қорқып қалдым. Ол (Қуандық) дәретхана жаққа кетіп қалды. Сол жаққа пышақпен кіріп кетті. Қорқып кеттік те, артынан жүрдік. Қолынан пышақты тартып алып, полицияның келгенін күттік. Шамамен 15-20 минуттан кейін полиция келді.

Бишімбаев ол кезде ештеңе демеді. Жылап тұрды. Мас еді. Неге, не үшін олай еткенін біз түсінбедік. «Мен неге осылай істедім» дегендей бірдеңе айтты. Неге олай дегенін кейін түсіндік. Бәріміз, ол да абдырап тұрды, – дейді  Абылайхан Ерденов.


Ерденов Бишімбаев “мен оны өлтіріп қойдым ба?” дегенін еске алады. Бишімбаев өз-өзін пышақпен өлтірмек болды деп түсінгенін атап өтеді.

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары