Бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайлов Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Әлихан Смайылов осыдан тура екі жыл бұрын, Қаңтар оқиғасынан кейін бірден премьер-министр болды және бұл, әрине, оның қызметіне із қалдырды. Ол әбден сыбайлас жемқорлыққа ұшырап, баяу дамып келе жатқан әрі ескі Қазақстан жекешелендіріп алған экономиканы мұраға қабылдап алды. Алғашқыда ол бұл қызметке тағайындалса, екінші рет өткен жылдың наурыз айында жаңа шақырылымдағы Мәжіліс тарапынан қолдау тапты.
Еске салсақ, Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы болған Наталья Годунова қызметінен босатылды.