×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты қабылдады: олар не туралы сөйлесті

03.04.2024, 17:32
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы қызметіне кірісуімен құттықтады.

Мемлекет басшысына ЕЭК қызметінің басым бағыттары және оны одан әрі дамыту перспективасы, сондай-ақ Қазақстан мен ЕЭК арасындағы өзара ықпалдастықтың жай-күйі туралы баяндалды.

Сонымен қатар кездесуде 2030 және 2045 жылдарға дейінгі «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сондай-ақ биыл мамыр айында Мәскеуде өтетін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды.

Серіктес жаңалықтары