×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Ақтоты Райымқұлова Қазақстанның ең жас жазушысымен кездесті

02.11.2021, 19:45
Фото: gov.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова еліміздің ең жас жазушысы Ильяс Юсупжановты қабылдады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінң мәліметінше, Ильяс Юсупжанов – психология және мотивация жанрындағы ең жас жазушы әрі ақын ретінде Гиннестің рекордтар кітабының автор-рекордсмені атанған. 18 жасында «Жизнь моими глазами», «Ночная симфония», «Психология» оқулығы, «Тень ангела» сынды кітаптардың авторы атанды.

Жас қаламгер кітаптарында өмірдің мәні, әділеттілік, психология, қоғам күнделікті кездесетін әлеуметтік мәселелер жайында ой толғайды.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездесу барысында Ильяс өзінің шығармашылық, тұлғалық даму жоспарларымен бөлісіп, «Тень ангела» атты романын таныстырды.

Сонымен қатар министр жас қаламгердің еліміздегі заманауи әдебиеттің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалап, «Один день с природой Казахстана» және «Флаг» сынды екі өлеңін ерекше атап өтті. Өз кезегінде Сүлейман Демирель университетінің екінші курс студенті Ильяс Юсупжанов жазушылардың шеберлік мектебін ашу жоспарымен бөлісті.

Ақтоты Райымқұлова жас қаламгерге шығармашылық ізденістерде өз жолын табуға көмектесуге дайын екенін жеткізе келе, 2022 жылға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясындағы конкурсқа қатысуды ұсынды. Министр жас жазушыны «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауына ұсынуға дайын екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары