×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Тұрсынбек Қабатов 31 арнаның Продюсері қызметіне кірісті

04.11.2021, 15:08
Фото: Т.Қабатовтың инстаграм парақшасынан

Белгілі актер Тұрсынбек Қабатов 31 арнаның ойын-сауық бағдарламарының Продюсері қызметіне кірісті деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Құрметті достар, жағымды жаңалығыммен бөлісейін. Өмірімнің өрнегі - шығармашылық жолымның жаңа белесіне қадам басқалы отырмын. 1-қарашадан бастап Қазақстанның ақпарат айдынында орны бөлек 31 арнаның ойын-сауық бағдарламарының Продюсері қызметіне кірісемін», - деп жазды ол өз парақшасында.

Сондай ақ, актер 31 арнаның жаңадан тағайындалған басшысы туралы да айта кеткен.

«Жуырда ғана арна басшылығы ауысып, Құрманбек Жұмағали бастаған заманауи көзқарасы бар медиаменеджерлердің жаңа толқыны келді. Қазір ұжымның қолға алып отырған жоба-жоспарлары менің де көңілімнен шықты. Бұл ауқымды теле-жобаларды іске асыру үшін үлес қосуға шақыру түскенде көп ойланбастан қабыл алдым», -деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Тұрсынбек Қабатов отбасымен астана қаласында тұрады. Ulysmedia.kz порталында әзілкештің қызымен болған оқиғаға қатысты ҰБТ бағасы: Қазақстанда жоғары балдың құны қанша атты мақала жарияланды. Жазда Қабатовтың мектеп бітірген қызы, ҰБТ-ға тест тапсыруға өз орнына бөтен адамды кіргізіп жіберіп, ұсталып қалған болатын.   

Серіктес жаңалықтары