×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Тоқаев ауған босқындарын ҰҚШҰ елдері аумағында орналастыру жайлы пікірін айтты

16.09.2021, 13:59
фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев ауған босқындарын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) елдері аумағында орналастыру туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Біз елдерімізде террористік ошақтарды анықтау мен бейтараптандыру әрі экстремизм мен терроризм насихатына қарсы іс-қимыл жасау бойынша жұмысты күшейту қажеттігі жайлы серіктестеріміздің пікірмен келісеміз. Біз оңтүстік «шекара» және ҰҚШҰ-дың өзінше бір «қауіпсіздік белдігі» саналатын тәжік шекарасын күшейтуге жан-жақты жәрдемдесу қажет деп санаймыз», - деді Қазақсан президенті.

Мемлекет басшысы ауған босқындары мен шетелдік әскери базаларды біздің елдер аумағында орналастыру қажет еместігі туралы ҰҚШҰ-дың жалпы ұстанымын қолдады.

Оның айтуынша, ауған халқына гуманитарлық және халықаралық көмек көрсету маңызына байланысты Алматы қаласында Ауғанстандағы БҰҰ жүйесінің қызметкерлері уақытша орналасқан.

Серіктес жаңалықтары