×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Екпе алмаған балалардың құқығы шектелуі мүмкін

16.11.2021, 11:30
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда екпе алмаған балалар да ойын-cауық және сауда орталықтарына кіргізілмеуі мүмкін. Бұл сұрақтың қазіргі уақытта қаралып жатқанын ҚР денсаулық сақтау министрі айтты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осылайша ересектермен қатар, мәртебесі «жасыл» емес балалардың да құқығы шектелуі ықтимал.

«Қазіргі кезде шектеулер тек халықтың ересек санатына қатысты болып отыр. Ал әрі қарай балаларға байланысты бұл сұрақ қарастырылуда», – деді Алексей Цой.

Дегенмен, әзірге Ashyq жүйесіне балалардың деректері енгізілмеген. Белгілісі, 12-18 жас аралығындағы 1313 бала мен 247 аяғы ауыр және бала емізетін әйел бүгінге дейін ковидтен егіліп үлгерген. Жалпы 8,5 миллионнан астам адам, бұл 18 жастан асқан азаматтардың 75 пайызы - бірінші компонентті және 7,8 млн адам, бұл тұрғындардың 69 пайызы - екінші компонентті салдырған.

Еске сала кетсек, Астанада 15 қарашадан бастап сауда және ойын-cауық орталықтарына кіруге тек «жасыл» мәртебесі бар, яғни коронавирусқа қарсы екпе алған азаматтарға ғана рұқсат етіледі.

 

Серіктес жаңалықтары