×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігеріне» қанша сыйақы беріледі

25.11.2021, 15:40
Фото: Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» атағын енгізуді ұсынған болатын. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой аталмыш атаққа ие болған дәрігерге қанша сыйақы берілетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Денсаулық сақтау жүйесінде медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында медицина және фармацевтика қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін кеңейту жөнінде мынадай шаралар қабылдау қажет. Лауазымды және басқа тұлғалар тарапынан заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғау көзделеді. Сонымен бірге «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағын 2000 еселенген АЕК мөлшерінде біржолғы ынталандырушы төлем, сондай-ақ «Кәсібі бойынша үздік» республикалық конкурстың жеңімпазына 500 еселенген АЕК мөлшерінде ынталандырушы төлем төленеді», - дейді Алексей Цой депутаттық сауағал берген жауабында.

Министрдің айтуынша, бұл шаралар медициа қызметкерлерінің мәртебесін арттырып, білікті кадрлардың жылыстауын тоқтатып, денсаулық сақтау саласындағы мамандарды жігерлендіреді.

Серіктес жаңалықтары