×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қайрат Сатыбалды мен Жанат Түсіпбеков құда болды

01.12.2021, 17:32
@yyedilov

Қайрат Сатыбалдыұлы мен Жанат Түсіпбеков құда болды деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Елбасының інісінің қызы 19 жасар Дария Сатыбалды 21 жастағы Жәңгір Түсіпбековке тұрмысқа шықты. Құттықтаймыз!», - деп жазды @yyedilov телеграм арнасы.

Еске салайық, Жанат Түсіпбеков құзырлы органдарда лауазымды қызметтер атқарған, кейін сенатор болған Рашид Түсіпбековтің ұлы. Жанат  мұнай саласында қызметте.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сыртқы өңдеу және маркетинг жөніндегі басқарушы директоры (11.2013-09.2016);

KMG International N. V. тобының бас директоры («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100% еншілес ұйымы) (05.2012-12.2019);

KMG International N. V. Тобының Директорлар кеңесінің мүшесі (2019 жылдан)

Ал Қайрат Сатыбалды "ALATAU INVEST CAPITAL" ЖШС акционері. Әр жылдары мемлекеттік қызметте, партия қатарында жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары