×
497.26
525.21
4.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.26
525.21
4.97

Көлік жүргізушілер үшін жаңалық: ІІМ жаңа жүйе енгізді

14.11.2024, 16:12
Көлік жүргізушілер үшін жаңалық: ІІМ жаңа жүйе енгізді
Фото: Мерей Қайнарұлы

Ішкі істер министрлігі қала сыртындағы жолдарда қамту мақсатында «жасырын» патрульдеу енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ НЕ ДЕЙДІ

Қала сыртындағы трассаларда қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін патрульдік автокөліктер жол ережелерін бұзуды тіркейтін борттық жүйелермен жабдықталған. Қазір олардың саны 300 жуық.

«Бір экипаждың өнімділігі 15 патрульдің жұмысымен сәйкес келеді. Еліміздің тұрғындары олардың жұмысы туралы біледі және олардың жолда жүруі жүргізушілерді тәртіпке келтіреді», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

«ЖАСЫРЫН» ПАТРУЛЬДЕУ ДЕГЕН НЕ

«Жасырын» патрульдеу сәйкестендіру белгілері жоқ полиция көлігінің салонындағы автоматты камералар. Осы тектес камераларды елді мекендердің ішінде автобустардың салондарында және жедел жәрдем көліктеріне де орнату жоспарланып отыр.

ІІМ бұл көлік жүргізу мәдениетін арттыруға және жазаның бұлтартпаушылық принципін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп сендіреді.