×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Малды атып алып ұрлағандар ұсталды

13.12.2021, 10:43
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қостанайлық полицейлер үй малын атып алып ұрлаумен айналысқан топты ұстады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Күдіктілер күндіз аңдып, қараған жануарларды түнде атып алып, сол жерде сойған. Содан кейін ет дүкендеріне немесе алысатарлар арқылы сатқан. Ауыл тұрғындары оқ тиген мал қалдықтарын табудан қажыған.

«Арнайы операцияны ұрлық еркін жайылымнан, күзетілмеген аумақтардан жасалуы қиындатты. Қазіргі уақытта топтың 5 мүшесі ұсталып, уақытша ұстау абақтысында отыр», – деді бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Амангелді ауданының аумағында мұндай мал ұрлығының үш және Арқалық қаласында үш дерегі дәлелденген. Тінту барысында күдіктілердің бірінен заттай дәлелдемелер, оның ішінде тіркелмеген «ИЖ-12» маркалы тегіс ұңғылы қаруы, сондай-ақ оның патрондары алынған. Бүгінде баллистикалық сараптама тағайындалған.

Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде күдіктілердің ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары