×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

«Астана LRT» ісі бойынша сотталушылардың бірі бостандыққа шықты

13.12.2021, 23:36
Фото: ашық дереккөз

Astana Innovations басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Әшім босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz адвокат Джохар Өтебековтің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

«Менің клиентім Талғат босатылды! Ол ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттемеге қол қойды. Бізді қолдағандардың бәріне рахмет! Бұл менің өмірімдегі керемет және ең ауыр жеңіс!» - деп жазды Джохар Өтебеков.

Талғат Әшім мамыр айында жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Күзде үкімнің күші жойылды, бірақ сотталғандар тергеу изоляторында қала берді.

Талғат Әшімнен бөлек тағы бір сотталушы ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды, бесеуі тергеу изоляторында қалды.

«Бізде АҚШ-пен келісім жоқ, сондықтан олар (Антикор) Манхэттеннен Астана әкімінің орынбасары Сұлтанбековты ала алмайды. Бұл өтірік! Қазақстан ұстап беру туралы конвенцияны 4 жыл бойы ратификациялаған. АҚШ бізге онсыз да қылмыскерлерді ұстап берген. Бұдан былай тіптен оңайырақ болды. Мен «Антикордың» баспасөз хабарламасынан тағы не білдім? Сұлтанбеков Интерполдың базасына кірмеген болып шықты... Интерполдың өзі... кінәліні тапқан екен!».

Өтебеков Интерпол сайтында «Астана LRT» жобасын жүзеге асыру кезінде қаржы жымқыру ісіне қатысы бар негізгі тұлғалардың келмеуі туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдемесіне осылай түсініктеме берді.

Серіктес жаңалықтары