×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Нұр-Сұлтанда үстіне металл конструкция құлаған әйел қайтыс болды

16.12.2021, 20:33
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда үстіне металл конструкция құлаған әйел қайтыс болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 қалалық көпсалалы ауруханаға металл конструкциясы құлаған 1965 жылы туған науқас өте ауыр жағдайда түскен.

«Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында науқас есін жимаған күйде қайтыс болды. Жасалған реанимациялық шараларға қарамастан науқасты аман алып қалу мүмкін болмады», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Әйелді шұғыл түрде арнайы мамандар тексеріп, кейін жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызған. Ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының ауыр контузиясы анықталған. Денесінде түрлі жарақаттар болған. Миға операциялар кезең-кезеңімен жасалды, өкінішке орай, оң динамика бермеді.

Серіктес жаңалықтары