×
516.85
537.68
5.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.85
537.68
5.26

Жұртты теңгенің күйі алаңдатады – Тоқаев

28.01.2025, 11:54
Жұртты теңгенің күйі алаңдатады – Тоқаев
Ulysmedia коллажы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке үкіметпен тығыз, бірлесе жұмысты істеуді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАСЫ

Тимур Сүлейменовтің баяндамасын тыңдағаннан кейін президент ұлттық банк өз мандатына сай жұмыс істеп жатқанын айтты.

Бұл түсінікті. Әрине, сұрақтар әлі де баршылық. Ең алдымен, адамдарды ұлттық валютаның ойнамалы болуы алаңдатады. Америкалық доллардың күшеюіне байланысты сарапшылар теңге бағамына қысым күшейетінін күтеді. Тұрақтылықты қамтамасыз етіп, инфляцияны тежеу аса маңызды шаруа. Тіпті қазір басты міндет деуге болады. Бұл жұмыс үкіметпен тығыз, бірлесе жүргізілуі керек. Біз тәуелсіз әрі өздігімізбен жүрген уақыт кетті, қазір ол жұмыс істемейді, қазір ахуал ерекше болып тұр. Кейінірек ол туралы айтармын, – деді Тоқаев.

ДОЛЛАРДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ

Былтыр 28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.

Ұлттық банк осыған байланысты интервенция жүргізді.

Артынша Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.