×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Балаева қазақ тілінде сөйлемеген вице-министрге ескерту жасады

23.12.2021, 13:38
Фото: ulysmedia.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның қортынды отырысы өтті. Отырыста ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру және қазақ тілінде ақпарат тарату мәселелері пысықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов өз баяндамасында мемлекеттік органдар сайттарының бірыңғай платформасының тиімділігі турасында түсіндірді. Оның айтуынша, бұл ақпарат алу мен өзара іс-қимыл жасаудың бірыңғай терезесіне айналады.

«Портал қазір тұрақты жұмыс істеп тұр. Бұрынғыдай жүйелік ақау жоқ. Келешекте жыл ортасында мұндай ақаулар байқалмас үшін бақылауға аламыз», - деді ол.

Өз кезегінде Министр Аида Балаева МО ИРБП және «Ашық үкімет» порталдарын халық арасында танымал ету қажеттігін айта келе, ақпараттарды қазақ тілінде тарату керектігіне назар аударды. Сондай-ақ, баяндамасын орыс тілінде жеткізген вице-министр Әсет Тұрысовқа ескерту жасады.

«Жалпы, үлкен жұмыс істелген. Барлығын бөлек презентация жасай отырып, техникалық ақаулар бар, жоғын тексеру керек. Өйткені өзіміз әдемілеп қойған сияқты боламыз, ал қолдануды бастаған кезде жұмыс істемей қалатын әдеті бар. Халық техникалық қиындық көрмеуі керек. Екінші мәселе, барлық баяндамаңыз орыс тілінде болды. Комиссия жұмысында мемлекеттік тілде ақпарат беруді көбейтуіміз керек. Өйткені аудиторияның 80 пайызы ақпаратты мемлекеттік тілде тұтынып отыр. Келер жылы мемлекеттік ресурстардың бірыңғай платформасындағы қазақ тіліндегі ақпараттың сапасына көңіл бөлеміз. Орыс тілінен аударма жасайды, ол түсініксіз. Тиімділігі болмайды», – деді министр Аида Балаева.

Отырыста мемлекеттік аппараттағы бюрократияны, оның ішінде шамадан тыс қағазбастылықты азайту бойынша сөз қозғаған Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры Бекзат Рахымов саладағы кей түйткілді мәселелерді атады.

Оның айтуынша, ашық деректерді жаңарту бойынша міндеттерін толық орындамағандар қатарында Денсаулық сақтау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлгі және Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстары бар.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар «Жол картасы» бойынша шараларды тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Серіктес жаңалықтары