×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

17 көлік соғысты: зардап шеккендер бар, қылмыстық іс қозғалды

Фото: бейнежазбадан көшірме

Алматы облысының полиция департаменті ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында сағат 10:00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданындағы «Алматы-Қорғас» автожолының 134 шақырымында ауа райының қолайсыздығынан және көктайғақтан 17 автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер бар екенін мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Аталған дерек бойынша департаменттің тергеу басқармасы жолдарды пайдалануға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 353-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», – деді порталымызға полициядан.

Қазіргі кезде сараптамалар тағайындалып, уәкілетті органдарға тиісті сұрау салулар жіберілген. Істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілмек.

Ескерту: бейнежазбада бейәдеп сөздер естіледі.

Серіктес жаңалықтары