×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазгидромет: Қазақстанның сегіз облысында дауыл соғады

28.12.2021, 16:35
Қазгидромет: Қазақстанның сегіз облысында дауыл соғады
Фото: Ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК еліміздің сегіз облысында күн райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклон жырасының өтуімен қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде тұман, еліміздің оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың орталығында, оңтүстігінде жаяу бұрқасынмен соғады, облыстың солтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел жаяу бұрқасынмен болады, көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында тұман болады.

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, Алакөл көлдері ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады, солтүстік – батысында, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың батысында жел 18 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Түркістан облысының таулы аумағы мен тау бөктерінде, Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы, тау бөктерінде тұман түседі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.