×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Елдегі ереуілдерден кейін Үкімет отставкаға кетті

05.01.2022, 07:05
Фотода: бұрынғы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин

ҚР Президенті Үкімет отставкасын қабылдап, Премьер-министр қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқаратын болды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін», – делінген Ақордада жарияланған, Мемлекет басшысы қол қойған мәтінде.

Дегенмен, Тоқаев Маминді жылы шығарып салды.

«Асқар Ұзақпайұлы Мамин маған арыз жазып, отставка жөнінде өтінішін білдірді. Мен бұл өтінішті қабылдадым. Асқар Ұзақпайұлы шамамен 3 жылдай Үкіметімізді абыроймен басқарды, қызмет барысында, әсіресе пандемия өршіп тұрған кезде өзінің жоғары жауапкершілігін, еңбекқорлығын көрсетті. Сондықтан мен бұрынғы Премьер-министрге алғысымды айтқым келеді. Премьер-министрдің міндетін тәжірибелі экономист, білікті басшы Әлихан Асханұлы Смайылов атқарады», – деді Президент таңертең өткен шұғыл жиналыста.

 Еске сала кетсек, 2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындары сұйытылған газ бағасын екі есе төмендетуді талап еткен болатын. 

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев осы мәселе бойынша Жаңаөзендегі наразы топпен кездесті. Ол жиналғандарға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Жаңаөзен қаласындағы жағдайға қатысты Үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді.

3 қаңтарда Үкімет газ мәселесі бойынша комиссия құратынын хабарлады. Оған вице-премьер Ералы Тоғжанов жетекшілік етті. Сұйытылған газ бағасы 1 литріне 50 теңгеге дейін төмендету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Дегенмен шеру бірнеше қалада жалғасты және басқаша сипат алды. 4 қаңтар күні түнде Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай жарияланды.

Серіктес жаңалықтары