ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің желідегі парақшасында бүгін жаңа Үкімет басшысының есімі белгілі болып, елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты кеңінен ой қозғалатынын жеткізді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды. Жиынды «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді», – деп құлағдар етті ол.