×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры құрылады

11.01.2022, 11:16
Фото: Ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоғамдық қорын құруды тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президенттің айтуынша, халықтық қор үкімет қарамағында жұмыс істемейді және ашық жұмыс істеуге сүйенеді.

«Бұл президенттің де, үкіметтің де қоры емес, халықтық қор. Ол президенттің немесе үкіметтің қарамағында жұмыс істемейді. Қоғамның бақылауында және ашық түрде жұмыс істейтін болады. Жеке және мемлекеттік көздерден, меценаттардан, қайырымдылық қорларынан қаржыландырылады. Барлық құжаттар мен жобалар көпшілікке жарияланады», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қор мақсаты – денсаулық сақтау, білім беру, балалар спорты және басқа да қоғамның қажеттіліктеріне жауап беру.

Серіктес жаңалықтары