×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Тоқаев елбасының арқасында өте байыған адамдарды халыққа көмектесуге шақырды

11.01.2022, 11:25
Фото: Ашық дереккөзден

Тоқаев елдегі бай адамдардың Қазақстан халқына көмектесетін кезі келгенін айтты деп хабарлайды, ulysmedia.kz.

«Тұңғыш Президент-Елбасының арқасында елімізде өте табысты компаниялар тобы және тіпті халықаралық өлшем бойынша бай адамдар тобы пайда болды. Қазақстан халқына құрмет көрсетіп, оған жүйелі және тұрақты негізде көмектесетін уақыт жетті деп санаймын. Сондықтан Үкімет компаниялар тобын анықтап, олармен қорға жыл сайынғы жарналардың мөлшерін келісуі керек», – деді Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Сонымен қатар, ол үлкен қаражатқа ие көлеңкедегі адамдарға белсенді атсалысуға шақырды. Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады.

Серіктес жаңалықтары