×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Гүлмира Дайрабаева жаңа қызметке тағайындалды

14.01.2022, 11:04
Фото: ашық дереккөз

Гүлмира Тынышбекқызы Дайрабаева ҚР Қаржы министрінің баспасөз хатшысы және ҚР Қаржы министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің, Sophiа-Antipolis атындағы шетелдіктерге арналған институтының (Франция), USC Sol Price мемлекеттік саясат мектебінің, Оңтүстік Калифорния университетінің (АҚШ), Мемлекеттік саясат және басқару академиясының түлегі. «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. Мемлекеттік саясат және менеджмент магистрі.

«Қазақстанның еңбек сіңірген» қайраткері, Ақпарат саласының үздігі.

 «Қазақстан» телерадиокомпаниясындағы «Таңшолпан» таңғы бағдарламасының алғашқы жүргізушілерінің бірі. Одан кейін таңғы бағдарламалар бөлімін басқарды, сонымен қатар «Хабар» агенттігінде, НТК және ОРТ Қазақстан телеарналарында жұмыс істеді. CIFAP халықаралық ұйымы аясында Францияның «FRANCE-3» мемлекеттік арнасында халықаралық аудиовизуалды тағылымдамадан өтті.

Қазақ, орыс, ағылшын, француз және ымдау тілін (саңыраулар мен мылқаулар тілі) біледі.

Серіктес жаңалықтары