×
448.81
476.82
4.77
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.81
476.82
4.77

Nur Otan-ның cаяси кеңес бюросы жаңартылды

01.02.2022, 08:28
Фото: ашық дереккөзден

Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бюросы мүшелерінің жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңа құрам партияның Саяси кеңесінің қаулысымен бекітілді.

Оған:

Қасым-Жомарт Тоқаев - Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы

Мәулен Әшімбаев - Қазақстан Республикасы Парламенті

Ерлан Қошанов - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің жетекшісі

Ерлан Саиров - Парламент Мәжілісінің депутаты

Дархан Қыдырәлі – “Егемен Қазақстан” республикалық газеті” АҚ Басқарма Төрағасы

Аббат Урисбаев - Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты

Ләззат Қалтаева-Парламент Сенатының депутаты

Геннадий Зенченко - "Зенченко и К"шаруа қожалығының директоры

Элина Паули - "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары

Еске салсақ, 28 қаңтарда партияның кезектен тыс съезі өтті, оның жаңа төрағасы болып ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды. Партия жетекшісі әріптестерін бірден сынға алды, саяси ұйымды шұғыл және түбегейлі қайта құру қажеттілігі туралы мәлімдеді және ашкөз олигархтарға ескерту жасаған-ды. Тоқаев төраға қызметінде ұзақ болмайтынын да меңзеді.

Серіктес жаңалықтары