×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

«Дикий Арман» тергеу изоляторынан ізім-ғайым жоғалып кетті

02.02.2022, 11:51
Фото: ашық дереккөзден

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің Алматының тергеу изоляторынан ізім-ғайым жоғалып кетті. Оның қайда апарылғаны белгісіз. Бұл туралы күдіктінің адвокаттары мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Адвокат Талғат Есімовтің айтуынша, құқық қорғаушылар Жұмагелдиевті күндіз тергеу изоляторынан көрген. Сол уақытта күдікті куәлік беруге дайын екенін айтыпты.

"Біз әріптестерімізбен бірге оған екі рет бардық. Бізбен бірге оның камерасына Бас прокуратура құрған ведомствоаралық жедел-тергеу тобының мүшелері де кірді. Жауап алу кезінде Арман Жұмагелдиев тергеу органдарымен ынтымақтасуға дайын екенін айтты", — дейді құқық қорғаушы.

Алайда, 1 ақпаннан 2 ақпанға қараған түні адвокаттар Дикий Арманның тергеу изоляторларынан шығарылғанын білді, оларға бұл туралы ешкім ескертпеген. Құқық қорғаушылар тергеу органдарымен байланысқан, оларда да ешқандай ақпарат жоқ болып шықты.

Күдіктінің тағы бір адвокаты Қуат Салиевтің айтуынша, заң бойынша қорғаушыларға қарамағындағы қорғалушының кез-келген қозғалысы туралы хабарлануы керек.

"Біздің ақпаратымыз бойынша, Арман Жұмагелдиев тергеу изоляторынан әкетілген, бірақ қазір оның қайда екені белгісіз", - деп атап өтті Салиев.

Сонымен бірге, Жұмагелдиевтің тағы бір адвокаты Виктор Кривоносов клиенттің өзін-өзі өлтіруге ниеті жоқ екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 7 қаңтарда “Дикий Арман” бастаған ҰҚТ-ның алты мүшесі Алматы ПД арнайы операциясы кезінде ұсталған болатын.

Кейінірек Жұмагелдиевтің тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікке ілінгені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары