×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Президент кедендегі былықтарды халықаралық компаниялар көмегімен реттемек

08.02.2022, 14:19
Фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев кеден саласындағы былықтарды реттеу үшін халықаралық компанияларды тарту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

«Кеден бекеттеріндегі қордаланған мәселелерді жедел шешу қажет. Бұл бюджет үшін айрықша маңызы бар сала. Тағы да қайталап айтам, Ондағы былықты жөнге келтірмесе, салдары қиын болуы мүмкін. Қытайдың статистикасы мен біздегі көрсеткіштің айырмасы 5,7 млрд доллар болуы соның дәлелі. Қазір Қытаймен арадағы кеден бекетінде 12 мыңнан астам көлік электронды кезекте тұр. Құзырлы экономикалық операторлардың заңсыз іс-әрекеті туралы бұған дейін де айттым. Олар кеденнен және басқа да бақылау органдарынан соншама жеңілдікті қалай алып отыр? Не себепті бұл мәселе назардан тыс қалған? Бұл сұрақтарға 10 күннің ішінде нақты әрі толық жауап күтемін», – деп қадап айтты Президент. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы кеден мен логистика саласындағы проблемаларды халықаралық ойыншыларды тарту арқылы шешу мәселесіне тоқталды. 

«Жалпы кеден және логистика жүйесіне ірі халықаралық компанияларды тартуды ойластырған жөн. Олар қажетті тасымал көлемін және жұмыстың ашқық әрі есепті болуын қамтамасыз ете алады. Бұл мәселе үкіметте талқыланды. Үкіметке оны тағы да пысықтап, маған баяндауды тапсырамын», -деді Президент.

 

Серіктес жаңалықтары