×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Қазақстанда судьялардың жалақысы қанша?

09.02.2022, 10:34
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда судьялар айына 400-800 мың теңге табыс табады. Бұл туралы Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Жұмақсановтың сөзінше, сот жүйесінің бюджеті соңғы төрт жылда екі есеге жуық өсті, тиісінше судьялардың жалақысы да өсті. Мысалы, 2018 жылғы сот жүйесінің бюджеті 36 млрд теңге, ал судьялардың жалақы қоры (мамандарсыз) – 16 млрд теңге болса, 2019 жылғы бюджет – 55 млрд теңге, ал жалақы қоры 31 млрд теңгеге дейін өсті.

"Егер елордада қатардағы судья 2018 жылы 250 мың теңге алса, 2019 жылы – 800 мың теңгеге жуық, яғни табысы үш есе өсті. Дәл осындай жалақыны Алматы, МАЭС және өткен жылдан бастап әкімшілік сот судьялары алады. Облыс орталықтарының аудандық судьялары 250 мыңның орнына 600 мың теңгеге жуық, ал өзге аудандарда 400 мың теңге жалақы ала бастады", - деп жазды Е.Жұмақсанов.

Мемлекеттік қызметкерлер үшін жаңа еңбекақының енгізілуіне байланысты облыстық сот отырысы хатшысының жалақысы 60 мың теңгеге, аудандық сот отырысы хатшысының айлық табысы 50 мың теңгеге ұлғайды. Жалақыны арттыру 2024 жылға дейін жыл сайын жүргізілетін болады.

Судьялардың жүктемесіне келер болсақ, 2001 жылдан бастап 10 жыл ішінде істер мен материалдардың саны шамамен 1 миллионның айналасында болды. Ал 2018 жылы олардың саны 4,5 миллионға жетті.

Жұмақсановтың айтуынша, бұл 2013-2017 жылдар аралығында судьяларға оларға тән емес функцияларды негізсіз жүктеу салдары. Сонымен қатар, ешқандай дау-дамайы жоқ азаматтық істердің саны күрт өсе бастады. 2017 жылы судьялардың ерікті түрде жұмыстан кетуі өзге жылдармен салыстырғанда айтарлықтай көп болған. 

Серіктес жаңалықтары