×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Департамент басшысының ұсталуы: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

23.01.2023, 12:07
фото: ашық дереккөзден

Қорғаныс министрлігі жемқорлық күдігімен ұсталған департамент басшысы жайлы түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері пара алды деген күдікпен Қорғаныс министрлігі Ақпараттық технологиялар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қызметшіні ұстады. Аталмыш азамат бұған дейін қорғаныс ведомствосының құрамынан шығарылды”, – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлім етті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Антикор Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деп күдікпен ұсталғанын хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары