×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Ресей мен Иран Татарстанда дрон шығаратын зауыт салмақ

06.02.2023, 09:32
фото: ашық дереккөзден

Елабугада алдағы жылдары 6 мың данадан астам дрон шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр, деп жазады Ulysmedia.kz The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.

Басылым дереккөздерінің мәліметінше, зауыт – құны 1 млрд долларлық мәміленің бір бөлігі. Десе де, бұған дейін Мәскеу Ираннан дрон сатып алатыны жайлы ақпараттарды жоққа шығарып келді.

WSJ Ресей мен Иран Украинадағы соғыс қимылдары үшін бірлескен дрондар өндірісін құруға келіскенін жазды Мемлекеттер жаңа қозғалтқышы бар жетілдірілген Shahed-136 ұшқышсыз моделін жасауға ниетті. 

Газеттің хабарлауынша, 5 қаңтарда Иран делегациясы бірлескен жобаның егжей-тегжейін талқылау үшін зауыт салу жоспарланған Татарстанның Елабуга қаласына барған. Делегацияны бригадалық генерал Абдолла Мехраби, Ислам революциясы Сақшылар корпусының аэроғарыштық күштерді зерттеу ұйымының (КСИР) басшысы және ирандық Quds Aviation Industry компаниясының атқарушы директоры Гасем Дамавандян басқарды. WSJ-дің жазуынша, Quds Aviation Industry – Вашингтонның пікірі бойынша Ирандағы дрондар өндірісінде басты рөл атқаратын "негізгі қорғаныс өндірушісі".

Серіктес жаңалықтары