×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Мәжіліс сайлауы: Елордада 63 кандидат бір мандатқа таласады

09.02.2023, 16:16

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Тіркелген барлық 7 саяси партия Парламент Мәжілісінің 69 мандаты үшін саяси додаға қатысатын болады. Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың тізімдерінде «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген 30 пайыздық квота толығымен ескерілді», - деді Әдбіров.

Комиссия төрағасының сөзінше, Мәжіліс депутаттарының сайлауында 29 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 609 кандидат ұсынылған.

«Жалпы республика бойынша әр сайлау округіне орташа бәсекелестік 21 кандидатты құрайды. Ең жоғарғы бәсекелестік Астана қаласының 2 сайлау округінің әрқайсысы бойынша 63 кандидаттан. Ең төменгі көрсеткіш – Ұлытау облысының сайлау округі бойынша 6 адам бір мандат үшін додаға түседі», - деді комиссия төрағасы.

Айта кетейік, елімізде Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы 19 наурызда өтеді.

Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі кеше аяқталды.

Серіктес жаңалықтары