Арман Исағалиев сыртқы істер министрінің орынбасары болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Тиісті құжатқа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
– Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген құжатта.
АРМАН ИСАҒАЛИЕВ КІМ?
Арман Исағалиев – тәжірибелі қазақстандық дипломат, төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесінің иегері. Ол әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық мемлекеттік университетін тәмамдап, Марокко мен Мысырда дипломатиялық білімін жетілдірген.
Еңбек жолында Қазақстанның Египет, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Қатардағы дипломатиялық миссияларында түрлі жауапты қызметтерді атқарып, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде сыртқы саясат саласында жұмыс істеген. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарып келеді.
Араб және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, отбасылы, бес баланың әкесі.