×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Сары май өндірісі: Қазақстанның импортқа тәуелділігі күрт артты

28.02.2023, 08:41

Елімізде сары май өндіру көлемі 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,3%-ға төмендеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр қазақстандық кәсіпорындар 24,8 мың тонна өнім шығарды, ал 2021 жылы 27,1 мың тонна сары май өндірілді.

Экспорт та 16,7%-ға төмендеді. Өткен жылдың 12 айында шетелге 3,8 мың тонна май жіберілді, ал 2021 жылы 4,5 мың тонна экспортқа шығарылды.

Өз кезегінде импорт 49,2%-ға өскен, 2022 жылы 7,8 мың тоннадан астам өнім импортталды. Сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы 23,9% құрады.
 
2022 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта 28,8 мың тонна сары май сатылды.

Серіктес жаңалықтары