×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Ескертуді елемеген: Ақмола облысының күрежолдарында мыңнан астам көлік қамалып қалды

01.03.2023, 13:51
көрнекі фото, ашық дереккөзден

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты трассада 1000-нан астам көлік қаңтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райына байланысты жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында 28 ақпанда Ақмола облысында 12 автожолды жабу туралы шешім қабылданды.

«Полиция жасақтары мен басқа да құзыретті органдар күшейтілген режимде жұмыс істеді. Блок-постар қойылды. Жақын маңдағы елді мекендерде жылыту пункттері белгіленді, қосымша экипаждар енгізілді. Жолдың жабылуы мен қарлы боран туралы алдын ала ескертуге қарамастан көптеген көлік жолда қалды. Полиция қызметкерлері 6 колонаға тізбектелген 1000-нан астам көлікті Қостанай және Қарағанды облыстарының, Астана қаласының шекараларына алып жүрді», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, ауа райына байланысты «Астана – Павлодар» және «Астана – Щучье» трассалары жабық тұр.

Серіктес жаңалықтары