×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Биыл тауар импорты ең жоғары тарихи көрсеткіштен асып түседі – Ұлттық банк

16.03.2023, 10:57
inbusiness.kz

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың болжамынша, елімізде тауар импорты күрт өседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ұлттық банктің бағалауынша, төлем балансының ағымдағы шоты профицит аймағынан орта мерзімді перспективада дефицит аймағына біртіндеп ауысады. Шикізат бағасының түсуіне және импортқа деген сұраныстың өсуіне байланысты ағымдағы шоттың оң сальдосы қысқарды», - деді Ұлттық банк басшысы.

Пірматовтың сөзінше, экономикалық даму болжамының базалық сценариі сақталса, мұнай саудасының есебінен тауар экспортының деңгейі қазіргі деңгейде сақталады.

«Ал тауар импорты болса, одан әрі өсіп, біздің болжам бойынша, ең жоғары тарихи көрсеткіштен асып түседі. Импорттың өсіп келе жатқан деңгейі халық пен бизнестің арта түскен сұранысын қанағаттандыру үшін Қазақстандағы өндірістің жеткіліксіз болуына, мемлекеттік бастамалар мен экономиканы қолдау бағдарламаларының іске асырылуына байланысты болып отыр», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары