×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

"Көзбояушылық": Сұлтанхан Аққұлұлы кандидаттардың "танымалдығы" жайлы

17.03.2023, 09:23
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мәжіліс депутаттығына кандидат, алаштанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы үміткерлердің танымалдығы жайлы жалған деректер таратылып жатқанына наразы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол бұл туралы порталымыздың Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Қоғамдық институттардың бірі жүргізген сауалнамаға сүйенсек, Amanat атынан үміткер Дәулет Тұрлыхановтың халық арасындағы танымалдығы 70% екен. Мемлекеттік ақпарат құралдары осы деректі көпшілікке таратып жатыр. Бұл – жалған ақпарат, көзбояушылық. Дәулет Тұрлыханов бір кездері депутат болды, одан кейін тағы біршама уақыт мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. Сол кезде не бітірді? Ол неге қайтадан депутаттыққа баруы керек? Оның Астанада төбе көрсетпегеніне 20 жылдың жүзі болған шығар. Танымалдығы қалай бірден 70%-ға жетіп отыр?», - деп таңғалды ғалым.

Сұлтанхан Аққұлұлының сөзінше, халыққа қазір үгіт-насихат жүргізудің ескі тәсілдері ықпал етпейді.

«Жұрт қазір көшеде ілініп тұрған жарнамаларға назар аудармайды. Халықтың басым көпшілігінің сенеті – әлеуметтік желілер. Украина президентінің сайлаудағы жеңісі бұған дәлел бола алады. Ол тек әлеуметтік желілердегі ғана өз жарнамасын дөңгелетті», - дейді ол.

Депутаттыққа үміткер алдағы сайлау кандидаттардың қайсы қаншалықты танымал екенін көрсетіп беретінін айтты.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады.

Серіктес жаңалықтары