Мәжілістегі ЖСДП фракциясының мүшесі, депутат Нұрлан Әуесбаев Смайыловтың премьер-министр қызметінде қалғанына наразы екенін жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОСДП мүшесі, депутат Нұрлан Әуеспаев Әлихан Смайыловтың премьер-министр болып тағайындалуына қарсы сөйледі.
«Елдегі жағдайды көріп отырсыздар. Қымбатшылық күннен-күнге үдеп барады. Халық қиналуда. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде халықтың ортасына барғанда біз олардың проблемаларын естідік. Соларды билік басындағыларға жеткізуіміз керек», - деді Әуесбаев.
Депутат Смайыловтың үкіметі елді ұшпаққа шығара алатынына сенбейді.
«Президент қаншама реформа жасап, елдің жағдайын оңалтуға тырысып жатқанымен, мына үкіметпен мәселелерді шешу мүмкін емес», - деп шорт кесті мәжілісмен.
Айта кетейік, ЖСДП фракциясы Әлихан Смайыловтың премьер-министр болуына қарсылық білдіргенімен, ол Үкімет басшысы қызметінде қалды.