×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

"Тазалау" басталды ма: ел экологиясына 15 жыл еңбегі сіңген Жолдасов кімге жақпай қалды

31.03.2023, 08:19
Коллаж: Ulysmedia.kz

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасы Зұлфұхар Жолдасов қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлім етті.

“Бүгін мен экология саласындағы 15 жылдық жұмысымды аяқтап жатырмын, оның соңғы үш жылын Экологиялық реттеу және бақылау комитетін басқардым. Менің жұмысым барысында және жалпы жұмыс барысында экологтар қоршаған ортаны қорғау бағытында, заңнаманы жетілдіру бойынша барынша көлемді және стратегиялық маңызды жұмыс жасады”, – деп жазды ол.

Жолдасовтың төрағалығы тұсында атқарылған маңызды жұмыстардың бірі – ҚР жаңа Экологиялық кодексінің қолданысқа енгізілуі.

Заңнамалық құжат, ең алдымен, қоршаған ортаны ластағаны үшін табиғат пайдаланушылардың жауапкершілігіне ерекше назар аударады, осы мақсаттар үшін оған АМЖ (АСМ), ОҚТ (НДТ) және т.б. сияқты жаңа ұғымдар енгізілді.

“Төраға болып жұмыс істей отырып, азаматтардың ел экологиясының жай-күйі туралы барынша хабардар болуы және шешім қабылдау процесіне тартылуы үшін мемлекеттік органның ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге тырыстым. Бірнеше рет брифингтер, сұхбаттар бердім, көптеген эко-белсенділермен, қоғам қайраткерлерімен кездестім, саланың әртүрлі тақырыптарын талқыладым. Мен осындай оқиғалардың бір бөлігі болғаныма және әрқайсыңызбен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын!”, – деді Жолдасов.

Еске сала кетейік, Зұлфұхар Жолдасов жыл басында «Ұлыссұхбатта» қонақта болған. Ол еліміздегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы күйіп тұрған проблемалар мен оларды шешу жолдары жөнінде әңгіме өрбітті.

Сондай-ақ, бұған дейін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова қызметіне кірісе сала қоластындағыларды жаппай жұмыстан шығарып жатыр деген ақпарат тараған. Министр ведомствосындағы кадрлық ауыс-түйістер жөніндегі сыбысқа жауап берді.

Серіктес жаңалықтары