×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Қазақстан қара алтын өндірісін азайтады

03.04.2023, 09:21
bb-cntv.com

Мамырдан бастап, яғни 1 айдан кейін еліміз мұнай өндірісін қысқартады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Энергетика министрлігінің дерегінше, бұл шара ерікті, ал өндірісті қысқарту осы жылдың соңына дейін жалғасады. Бастама "ОПЕК +"-ке мүше басқа елдерімен бірге жүзеге асырылады.

Бұл қысқарту, ұйымның былтыр 5 қазанда өткен 33-министрлік кездесуінде қабылданған шешімге қосымша ескерту шарасы. Алайда ерікті бастама, бюджетке және Ұлттық қорға салмақ түсірмей қоймасы анық. 

Айта кетейік, Үкімет Ұлттық қордан биыл қосымша 800 млрд теңге алуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Германияға мұнай экспортын арттырмақ.

Серіктес жаңалықтары