×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Астанадағы ақылы автотұрақтар тексеріледі

14.04.2023, 08:49
kolesa.kz

Астанадағы автотұрақ мәселесі Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында сөз болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет басшысының төрағалығымен өткен жиынға орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі және т. б. ведомство басшылары қатысты.

Қатысушыларға «Астана қаласының ақылы автотұрақ кеңістігін құру, пайдалану және басқару» жобасы туралы ақпарат берілді. Жобаны жүзеге асыру үшін елорда әкімдігі 2018 жылы «Астана автотұрақ кеңістігі» ЖШС компаниясымен МЖӘ келісімшартына отырған. 

«Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға аталған келісімшартты республика заңнамасының нормаларын сақтау, оның ішінде монополияға қарсы реттеу тұрғысынан талдау тапсырылды», - делінген Үкімет хабарламасында.

Сонымен қатар отырыста энергетика саласындағы жекелеген нысандарды мемлекет меншігіне қайтару және қатты пайдалы қазбаларды барлауға бірқатар лицензиялар берудің заңдылығы мәселелері қаралды.

Серіктес жаңалықтары